Кәсіподақ қолдауымен мейірбике жұмысқа қайта орналасты

Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі заң клиникасына қалалық орталық емхананың мейіргері болып жұмыс атқарған азаматша жүгінді. Шағымданушы жұмыстан заңсыз қысқартуға ұшырағандығын жеткізіп, кәсіподақтардан құқықтық көмек сұрады.

Кәсіподақтар тарапынан мейірбикенің еңбек құқығы бойынша жұмыс берушімен еңбек кеңестері жүргізіліп, еңбек заңнамасына сәйкес заң нормалары, аталған мәселеге байланысты мән-жайлар жан-жақты талқыланды. Азаматшаның мейірбике қызметін адал атқарғандығын, зейнеткерлік жасқа екі жыл төрт ай қалғандығын, жалғызбасты әйел-ана екендігін ескере отырып, әлеуметтік әріптестер кеңесі нәтижесімен жұмыс беруші қайта шешім қабылдады, мейірбике жұмысқа қайта орналасты.

Жұмыскердің еңбек құқықтары, еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасымен бұзу тәртібі, штат санының қысқартылуы кезіндегі еңбек қатынастарын реттеу тәртіптері туралы мейірбикеге «SENIM»Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы Қызылорда облыстық филиалы заңгері Мұрат Абдрасулов құқықтық көмек көрсетті.