Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері және ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Елімізде тамыз айының әр екінші жексенбісі Құрылысшылар күнін атап өтеді.
Құрылыс саласы – ел экономикасының көрсеткіші. Құрылыс кешені – экономикалық өсудің қозғалтқышы, экономиканың басқа салаларын дамытудың ең маңызды факторы, әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырудың негізгі элементі.
Бүгінде елімізде құрылыс саласы бұрын-соңды болмаған қарқынға жетті. Экономикалық, әлеуметтік, мәдени-ағарту нысандары пайдалануға берілді. Құрылысшылар жылдан-жылға қалаларымыз бен ауылдық елді мекендерімізді көркейтіп, тұрғын үй мәселесінің шешілуіне атсалысуда.
Құрылысшы – құрметті мамандық! Елімізде бой көтеріп жатқан әрбір ғимаратта сіздердің алақандарыңыздың ізі, айрықша қолтаңбаларыңыз бар.
Осындай жауапты мамандықты меңгеріп, ел игілігі жолында талмай еңбек етіп жатқан Сіздерге бүгінгідей мерейлі сәтте дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ортаймас бақ пен ырыс тілеймін! Қажырлы еңбектеріңіз әрқашан табысты болсын!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин