Поздравление Председателя Федерации профсоюзов Республики Казахстан с Днем спорта

Құрметті әріптестер!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Спорт күні мерекесімен құттықтаймын!
Спорт күні – салауатты ұлтты қалыптастырудағы мемлекеттік саясаттың жетістіктерінің көрінісі.
Тәуелсіз Қазақстанда Спорт күні 2003 жылы бекітілді. Бұл күн еліміздің кәсіби мерекелерінің тізімінде көрсетілгендей тамыз айының үшінші жексенбісінде тойланады.
Спорт күні өскелең ұрпаққа қазақстандық спортшылардың жетістіктерін көрсету, олардың үлгісімен спорт пен дене шынықтыруға, салауатты өмір салтына қызығушылықты оятуға арналған. Бұл жол мемлекеттік саясаттың басым мақсаттарының біріне айналған дені сау ұлтты қалыптастыруға алып келеді.
Әр уақытта адамзаттың басты байлығы – денсаулық, өйткені, дені сау ұлт – кез келген мемлекеттің негізі болып табылады. «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаса керек. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортты дамыту – еліміз үшін маңызды бағыттардың бірі.
Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап елімізде спортты дамыту мен насихаттауға, инфрақұрылымды дамытуға және спортшыларымыздың әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарында өнер көрсетуіне жағдай жасауға ерекше көңіл бөлініп келеді.
Осындай мерейлі мереке күні Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, бақ-береке, жауапты қызметтеріңізде толағай табыс тілеймін!
Қазақ елінің спорт саласындағы жетістіктері мен табыстары арта берсін!
Құрметпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин