Құрметті мұнай-газ кешенінің қызметкерлері және сала ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұнай-газ кешені қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Елімізде қыркүйектің бірінші жексенбісінде кәсіби мереке – Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні аталып өтіледі.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында бұл сала ел экономикасының күретамырына айналып, осы жылдар ішінде мұнай мен газ саласын кешенді игеру қарыштап дамып келеді.
Бүгінгі таңда Қазақстанның мұнай секторы ең ірі және қарқынды дамып келе жатқан сала болып табылады. Мұнай негізгі экспорттық тауар және экономикалық өсіп-өркендеудің қайнар көзі болып табылады.
Мұнай-газ саласы еліміздің стратегиялық даму жоспарларының орындалуын, өнеркәсіп өндірісінің нығаюын, мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктердің орындалуын қамтамасыз етеді.
Бұл жетістіктердің барлығы, ең алдымен, Сіздердің ерен еңбектеріңіздің жемісі екенін айта кеткен жөн. Мұнай-газ кешенінің даму тарихы ерекше төзімділік пен жанқиярлықтың, күш-жігер мен батылдықтың үлгісі болып табылады. Еліміздің мұнай-газ саласында еңбек ететін азаматтар алда тұрған міндеттерді абыроймен атқарып, индустриялық-инновациялық дамуымызға үлес қосатынына сенімім мол.
Ұзақ жылғы еңбектері саланың қалыптасуы мен дамуына берік іргетас болған ардагерлерімізге, ортақ іске үлес қосудың маңыздылығын түсініп, алға қойған міндеттерді күнделікті нақты өндірістік жобаларға айналдырып жүрген барша сала еңбеккерлеріне зор алғысымды білдіремін.
Жер қойнауындағы қара алтынды ел игілігіне айналдырған Сіздерге бүгінгі мерейлі мерекеде жемісті еңбек, зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!
Құрметпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С.Дәулеталин