Кәсіби өсу мен дамудың жарқын мысалы

Энергетика саласындағы жұмыс мамандарға кәсіби даму мен мансаптық өсуге үлкен мүмкіндіктер береді. Біздің кейіпкеріміз айтар сөзімізге жарқын мысал болмақ. Адлет Сакенов Екібастұз 1-МАЭС-не өзінің дипломын алмай тұрып келді.

«2009 жылы ЕИТИ-дің 3-курсында оқып жүріп, біліктілік куәліктерін алып, поезд құрастырушы болып жұмыс істедім», – деп есіне алады. Уақыт өте келе, жас жұмыскер өзінің біліктілігі мен ынта-жігерінің арқасында Отын-Көлік цехы басшылығының көзіне түсіп 2015 жылы  диспетчерлікке ауыстырылады. 2018 жылдың ақпан айында «Отын-Көлік-1 цехының ауысым бастығы» деген жауапты лауазымға көтеріледі. Бір жылдан кейін ол қазіргі лауазымына  – отын есебі жөніндегі жетекші инженер болып тағайындалады. Жетекші инженердің міндетіне осы саладағы барлық отынды – қаттысын да, сұйығын да есепке алу кіреді.Сондай-ақ, жетекші инженердің жұмысы отын қорын оңтайландыру бойынша үнемі дамуды және инновациялық идеяларды іздеуді қамтиды. Кейбір әдістер тұрақты негізде жұмысқа енгізіледі, ал басқалары белгілі бір жағдайларда ғана қолданылады.

Адлет Сакеновке жүктелген міндеттер оңай емес, бірақ ол әрдайым қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмай, өз кәсібін күн сайын дамытуға дайын.