Елена Закирова – теміржолшылар әулетінің жарқын өкілі.

Екібастұз 1-МАЭС-те көптеген мамандықтардың өкілдері жұмыс істейді. Бірақ теміржол жұмыскерлерінің рөлін кәсіпорынның өмірінде төмендету қиын. Өйткені теміржол көлігі станцияға негізгі отынды – тас көмірді жеткізеді. Көмірді қабылдаудың, түсірудің және вагондарды тапсырудың негізгі процестерін диспетчерлерін реттейді. Отын-Көлік-1 цехының аға диспетчері болып 18 жыл бойы Елена Закирова жұмыс істеп келеді.


«Менің ата-анам теміржолда өмір бойы жұмыс істеді, мен де олардың іздерін бастым», – дейді Елена Владимировна, – «Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетін Тасымалдауларды ұйымдастыру және көлікті пайдалану мамандығы бойынша аяқтадым». Екібастұзға оқудан кейін қайтып оралып, Елена Владимировна теміржолда техник лауазымында мансабын бастады – Екібастұз-2 станциясынан МАЭС-2 станциясына дейін айдаудың байланыс желісіне қызмет көрсетумен айналысты. Сосын «Солтүстік» және «Богатырь» көмір разрездерінде жұмыс істеді, және 2004 жылы Елена Закирова Екібастұз 1-МАЭС диспетчері болды, бір жылдан соң аға диспетчер лауазымын иеленді. Сол уақытты еске ала отырып, Елена Владимировна атап өтті: «2004 жылы, мен осында келген кезімде, біз тәулігіне көп дегенде үш көмір маршрутын қабылдадық. Тиісінше жүктеменің де қандай болғаны түсінікті. Ал қазір біз тәулігіне, әсіресе қысқы кезеңде, он екі көмір маршрутына дейін қабылдаймыз. Тек осы факт бойынша ғана біздің станцияның қалай дамуда екенін түсінуге болады. Жыл сайын электр энергиясы өндірісінің қарқыны да артуда». Жұмыс туралы: «Жұмыс, әрине, өте алуан түрлі. Тыныш деп айта алмаймын. Біздің негізгі жұмысымыз көмір маршруттарын қабылдау, көмірді түсіруді, вагондарды тапсыруды ұйымдастыру. Жалпы алғанда, аға диспетчер ретінде құжатама жүргізу. Біз тікелей «ҚТЖ – Жүк тасымалдары» ЖШС-мен жұмыс істейміз, сондықтан әрдайым адамдармен өзара әркеттесуге, ымыралар табуға тура келеді», – дейді.
Барлық теміржолшылардың «Көлік қызметкерлері күні» кәсіби мерекесі қарсаңында Елена Владимировна өзінің барлық әріптестерін, серіктестерін, цех пен станция басшылығын құттықтайды: «Әрине, бірінші кезекте денсаулық және біздің жұмысымызға табыс тілеймін! Біздің станция одан әрі өсіп, дами берсін. Ал біз қазақстандықтар үшін отынның өз уақытында және қажетті көлемде келуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз».