Ұстаз – ұлағатты ұғым

Нұрмағамбетова Сандуғаш Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп интернат колледжінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тәжірбиелі ұстаз. Ұстаздық қызметте 22 жыл бойы тапжылмай, абыройлы еңбек етіп келе жатқан, өнегелі сан мыңдаған шәкірттер мен жас мамандарды тәрбиелеуде өз бақытын тапқан сала үздігі.

Тәжірбиелі ұстаз ретінде оқушылар арасында руханилықты қалыптастыру факторлары мен тәрбие процесі жүзіге асырулыға байналысты, көптеген баспасөз беттерінде, ғылыми – әдістемелік және педагогикалық журналдарында «Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру ерекшелектері», «Спортшы балаларды тәрбиесіндегі ата – аналардың ықпалы», «Жастарды патриоттық тәрбиелеу қазіргі заманғы адамгершілік талаптары», «Бала тәрбиесіндегі жалпы азаматтық құндылықтар» тақырыбында мақалалары жарық көрді. Сонымен қатар, Ақтөбе облыстық ғылыми – тәжірбиелік орталығы бөлімінің ғылыми – әдістемелік орталығы баспасынан «Тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі – сыныптан тыс шараларды ұйымдастыру», «Спортшы балаларды тәрбиелеудегі үздік тәрбие сағаттары» атты әдістемелік құралдары жарыққа шықты. Тәжірибелі ұстаздың еңбегі жылдар бойы жинаған мол тәжірбиесі мен кәсіптік шеберлігін ескере отырып, елеулі еңбегі үшін, мемлекет тарапынан лайықты бағаланып келеді.
Спорт саласының жас жеткіншектерді тәрбиелеуге үлес қосқаны үшін – 2017 және 2020 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасы  табысталды.  ҚР білім беру жүйесін дамытуда және білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін 2021 ж. Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды. «Үздік педагог-2018» төсбелгісінің иегері. 2017 және 2020жылдары жас буынды тәрбиелеу жолындағы елеулі еңбегі үшін Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан Алғыс хат  2017,2020ж. Облыс көлеміндегі қоғамдық шараларға белсене қатысқаны үшін Ақтөбе облысының облыс әкімінің Алғыс хаты 2023ж.
Мамандығын жетік меңгерген, өз жұмысына өте адал, әр ісіне жауапкершілікпен қарап, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.Өзіндік мәдениеті жоғары деңгейде. Ұстаздық еңбек жолындағы тәжірбиесі мен кәсіптік шеберлігін кейінгі жастарға үйретуден жалықпайтын үздік маман.