Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем труда

Құрметті әріптестер, қадірлі достар!

«Еңбек – бәрін жеңбек» дейді халқымыз, еңбек – алға қойған барлық мақсаттарға жетуге жетелейтін қозғаушы күш. Сондықтан да тіршілікте бағы жанып, абыройы асқандардың барлығы да қажырлы еңбекпен биікке жеткен адамдар деп айтуға болады.Ал «Еңбек күні» мерекесі – адал еңбегімен еліміздің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген баршаңызға деген құрметтің көрінісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Барлық жетістіктің бастауы – адал еңбек және іскерлік»,- дейді. Қазақстанның экономикасының қалыптасуына негіз қалаған, қажыр-қайраты мен күш-жүгерін өз еліне арнаған еңбек ардагерлеріне, аға буынның тәлімгерлік жолын жалғап ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген отандастарымызға зор ризашылығымды білдіремін!
Әр салада кәсіби біліктілік пен мамандыққа адалдықтың шынайы үлгісін көрсетіп жүрген Сіздердің ерен еңбектеріңіз қандай құрметке болса да лайық.
Құрметті еңбек адамы! өркендетуге сіңірген еңбектеріңізге табыс, сәттілік және қуат, зор денсаулық пен отбасылық амандық, береке-бірлік тілеймін. Еңбек ұжымының әр мүшесін елдің өркендеуі жолында еселі еңбек атқаруға шақырамын!

Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С. Дәулеталин