Еңбек адамдары туралы жарияланымдар легін жалғастыра отырып, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық саласында жұмыс істейтін адам туралы сөз қозғағымыз келеді.
Андрей Николаевич Гусаренко – Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Дидар» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының механигі.


1988 жылы Қостанай автожол көлігі техникумын бітіргеннен кейін Денисов мұнай базасының жүргізушісі болып жұмысқа орналасты. 1997 жылдан бастап «Жолдар» ЖШС механигі болып жұмыс істеді.
«Дидар» ЖШС-де бесінші жыл жұмыс істейді. Жалпы жұмыс өтілі 36 жыл.
Андрей Николаевич өз міндеттерін адал орындайды, механикаландыру бөлімі мамандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді.
Кәсіпорында ұжымның құрметіне, сеніміне ие. Қоғамдық өмірге белсенді араласады, кәсіподақ мүшесі болып табылады.
Өз қабілеттеріне сенімді, парасатты адам, үш ересек баланың әкесі Андрей Николаевич «Менің балаларым мен үшін ұялмайды! Мен еңбек адамымын!» деп айтады.