Жастарға жол ашық!

“Қызмет” салалық кәсіподағының Қостанай облыстық филиалының құрамында мемлекеттік қызметшілер ғана емес, сонымен қатар халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі мәртебелі мамандық өкілдері де бар. Бүгін мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет етуді таңдаған керемет қыз туралы әңгіме болмақ.
Батима Сәлімжанқызы Туғанасова Қостанай қаласында тұрады және “Қостанай арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы”КММ-де мәдени ұйымдастырушы, еңбек терапиясы бойынша нұсқаушы болып жұмыс істейді. Болмысы нәзік, жүзінен мейірімі төгіліп тұратын қыз еңбек ұжымында да, орталық тәрбиеленушілерінің арасында да оңай қарым-қатынас орната алады. Өзінің ұқыптылығымен мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық әлеуетін ашып, олардың танымдық көзқарасын кеңейте біледі.

Батима орталықтағы балалардың күнделікті өмірлерін ойын, театр түрінде өткізуге ұмтылысы орталықтың кішкентай тұрғындарының ризашылығына бөленді. Шынайы күлімсіреу және балалардың жанып тұрған көздері бұл жас маманның жанына медеу сыйлайды. Оның ынта-жігері көпшілікті таңғалдырады, өз энергиясын, жан қозғалысын, белсенді өмір салтын Батима “Қызмет” салалық кәсіподақ құрамындағы орталықтың бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы бола отырып, қоғамдық өмірде де қолданады. Мақсат қоя білу, жоспар бойынша алға қарай жылжу, мақсатқа тұрақтылық – Батимаға тән қасиеттер.
Батима Сәлімжанқызы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жариялаған “Еңбек жолы” республикалық конкурсына “Өндірістің үздік жас қызметкері” номинациясына қатысуға шешім қабылдап, конкурстың өңірлік кезеңінде 2 орын алды.
Еңбек күні қарсаңында, Қостанай қаласында Жастар сарайында Батима Сәлімжанқызы Туғанасова “Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы” АКБ төрағасы Ирина Аронованың қолынан лайықты марапатқа ие болды.