Құрметті қазыналы қариялар! Ардақты ардагерлер!
Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздерге толыққанды, бақытты және алаңсыз өмір тілейміз. Кемелдік пен жастық арасындағы байланыс үзілмесін, Сіздердің даналықтарыңыз бен баға жетпес өмірлік тәжірибеңіз жастарға бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге, жауаптылық пен адамгершілік сезімдерін тәрбиелеуге әрқашанда көмек, үлгі-өнеге.
Қарттары бар ел-бақытты ел. Сондықтан халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын!
Қадірлі абзал ағалар мен асыл апалар!
Кәсіподақтар федерациясы атынан сіздерге мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық, құт-береке тілеймін!
Ізгі ниетпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С.Дәулеталин