«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы жалғасуда

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Қазақстан Республикасы мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бастарбек Пірімбетов, Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы МКҚК-ның бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында кәсіподақ мүшелеріне еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, ҚР кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ақпараттар айтылды.


Бұдан бөлек, басқосуда салалық кәсіподақ төрағасы Бастарбек Пірімбетов ҚР Кәсіподақтар Федерациясының 2023 жыл – «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, еңбеккерлерге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, техникалық инспекторлардың жұмысы мен өндірістік жазатайым оқиғаларды болдырмау жайлы айтып, еңбек дауларының алдын-алу, еңбек қатынастарын реттеу және құқықтық көмек көрсету жайлы мағлұмат берді.


Жиын соңы марапаттау миссиясымен жалғасын тауып, онда бірқатар кәсіподақ белсенділеріне салалық кәсіподақтың Құрмет грамоталары табысталды.