Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем учителя

Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу – ең қиын және жауапты істің бірі.Ұстаздың басты міндеттерінің бірі – ертеңгі күні ел тағдырын шешетін білімді де рухани дамыған жастарды тәрбиелеу.

Мұғалім болу – балаларға кітап пен оқулықтан білім беру ғана емес, бұл оқушыларға арманына жету жолындағы барлық қиындықтарды жеңуге көмектесу, бұл балаларды түсіну және олардың жетістіктеріне сену дегенді білдіреді.

Сіздерді бүгінгі мерейлі мерекелеріңізбен ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан шын жүректен құттықтаймын!

Білімге баулып, биікке талпындырған шәкірттеріңіз  жоғары жетістіктерге жетіп, еліміздің мәртебесін асқақтатсын!

Отбастарыңызға амандық, зор денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр тілеймін!

Ғажайып дүние сырын ұқтырып, білім берген, үлкен өмірге ақ жол тілеп аттандырған Ұстаздарымызға мәңгі тағзым.

Ізгі тілекпен,

ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасы      С.Дәулеталин