Орталық Азия елдері кәсіподақтар кеңесінің 4-ші отырысына Маңғолия, Тәжікстан, Қырғызстан мен Өзбекстанның білікті мамандары қатысты. Негізгі мақсат сол миграция бағытындағы өзара ынтымақтастық позициясын арттыру.

Семинарда көтерілген негізгі мәселе – ел асып, еңбек етіп жүрген азаматтардың құқығын қалыптастыру. Мамандар еңбек кодексіне жаңашылдық енгізу қажет,-дейді. Жиында бас қосқандар Орта Азия елдеріндегі үздік жобаларды барлық мемлекеттерде қалыптастыруды қолға алмақ.

Құрылғанына екі жылға жуықтаған ұйым күні бүгінге дейін талай шараға ұйытқы болған. Орта Азия елдерімен бірлесіп, ақпарат алмасып, құқықтық біліктілік арттыру бағында бірқатар орталық ашылған. Өзбекстандағы жоба талай маманның білімін жетілдіруге септігін тигізіп отыр.