Өнерлі өрге жүзер

Дина Ниязова – Ақтөбенің өнер саласындағы майталман мамандарының бірі. Қазақстан Республикасының  Мәдениет саласының үздігі, танымал пианист Дина Ниязова өнермен қатар кәсіподақ саласында да үздік жетекшілердің бірі.  Ол 2006 жылдан бері Ғ. Жұбанова атындағы облыстық  филармонияның  бастауыш кәсіподақ  ұйымына жетекшілік етеді.

Дина Ниязова пианист ретінде көптеген шәкірттер тәрбиеледі.Ол үнемі жаңашыл, жаңа идеяларын іске асыруға ұмтылады. Ақтөбе қаласында оның идеясымен бірнеше жерлерге пианино қойылды.Жоба авторының пікірінше бұл өркенитетті елдер мен ежелгі қалаларда бұрыннан қалыптасқан үрдіс.  Осындай күрделі музыкалық аспаптың бірі Виктор Пацаев ескерткіші маңындағы «Ақтөбе арбаты» алаңына қойылыпты.

«Мұндағы басты мақсат – өнерлі бүлдіршіндер мен жастар, музыка мамандары мен қала тұрғындары көпшілік алдында өз өнерлерін көрсетіп, өзгелерге рухани нәр сыйласын, әрі ел ішіндегі таланттарды тұрғындар тани түссін деген ой еді»,- деп тоғанады жоба авторы Дина Ниязова.

Кәсіподақтар күнінде ұзақ жылдарғы жемісті еңбегі мен кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін Ақтөбе облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы ретінде еңбек адамының мүддесін қорғап,үнемі  оларға қамқорлық жасап келеді. Ел игілігі жолындағы еңбегіңіз жемісті болсын.