ПОЗДРАВЛЕНИЕ ПРЕДСЕДАТЕЛЯ ФЕДЕРАЦИИ ПРОФСОЮЗОВ РК С ДНЕМ БИБЛИОТЕКАРЯ

Құрметті кітапханашылар!
Сіздерді төл мерекелеріңіз – «Кітапханашылар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
«Кітап — алтын қазына» демекші, Сіздер бұл қазынаның, тарихымыздың алтын көзін сақтаушыларысыздар. Халықтың өткені мен бүгінін байланыстырушы, тарихи-мәдени мұраны қалыптастырушы, жәдігерлер қоры – кітапхананың қоғам өмірінде рөлі өте маңызды.
Сіздердей мамандардың арқасында тарихи деректер мен құнды дүниелер мыңдаған жылдарды артқа салып, бізге жетіп жатыр. Ғасырды ғасырға жалғайтын алтын көпірдің иелері – өздеріңіз.
Жаңа компьютерлік технологиялар енгізілгеніне қарамастан, кітап бүгінгі таңда ең сенімді ақпарат көзі болып қала береді. Бізді қоршаған әлем қалай өзгерсе де, кітапханашы мамандығы сұранысқа ие болып қала береді.
Сіздердің күш-жігеріңізбен кітапханалар көптеген адамдар үшін білім, ғылым және адам даналығы әлеміне жол ашты!
Барлық кітапхана қызметкерлеріне күнделікті тынымсыз еңбектері, ұлттық және әлемдік мұраны сақтауы, оқырмандарды жоғары деңгейде ақпаратпен қамтамасыз еткені үшін алғыс айтамын.
Шығармашылықтарыңыз әрқашан лайықты құрметке ие болып, оқырмандардың жүрегінде лайықты жауап табатынына сенімдімін!
Сіздерге зор денсаулық, бақыт, бақ-береке, жаңа шығармашылық табыстар және игі істеріңізге сәттілік тілеймін!
Құрметпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин