ПОЗДРАВЛЕНИЕ ПРЕДСЕДАТЕЛЯ ФЕДЕРАЦИИ ПРОФСОЮЗОВ РК С ДНЕМ РЕСПУБЛИКИ

Құрметті әріптестер! Қадірлі достар!
Бүгінгі қайта жанданған ұлттық мереке – Республика күні құтты болсын! Осы айтулы күні еліміздің тәуелсіздігі жолында ең маңызды алғашқы қадам жасалды.
1990 жылы 25 қазан күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Аталған құжат Қазақстан тәуелсіздігінің іргетасы болды.
Қазақстан – нарықтық экономикасы, демократиялық қоғамдық құрылымы және жоғары халықаралық беделі бар заманауи ел. Бұл деңгейге жетуде еліміздің әрбір азаматының ерен еңбегі, қосқан үлесі зор.
Мемлекетіміздің басты тірегі – бірлік пен келісім. Бұл жоғары мақсатқа барлық қазақстандықтардың белсенді қатысуымен ғана қол жеткізуге болады, өйткені мемлекеттің басты тірегі және ең үлкен байлығы – халық!
Былтыр соңғы 13 жылдан бері елеусіз қалған атаулы күнді ел Президенті қайта жаңғыртты. Бұл қадамның еліміздің тарихын ұлықтауда, ел бірлігін насихаттауда маңызы зор.
Атаулы мереке – ата-бабамыздың аңсаған арманының жүзеге асқан күні. Еркіндік пен азаттықтың бастауы болған осынау салтанатты күні ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан Сіздерге бақытты да бейбіт өмір, мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер,игілік мен бақыт, ырыс пен береке тілеймін.
Қазақстанның тұрақты даму мен көркею жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз жемісті болсын! Ұлы даламызда көк байрағы желбіреген, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай!
Құрметпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин