«ЕҢБЕК АДАМЫ» ҰСТАЗ-ТҰРДАШЕВА ШОЛПАН

Еңбек адамы» атты тұрақты айдарымызда – ұстаз Тұрдашева Шолпан Қуандыққызы. Ғұмырының саналы бөлігін шәкірт тәрбиесіне арнаған кейіпкеріміз Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Полтавка ауылында 1973 жылы 25 қаңтарда дүниеге келген. Жастайынан ұстаздық жолды таңдаған Шолпан Қуандыққызы бүгінді Орал қалалық №46 ЖОББМ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қызмет атқарады.

Ұлағатты ұстаз ел болашағын тәрбиелеуде тынымсыз еңбектеніп келеді. «Білім сапасының артуына үлес қосып, талай жыл талмай еңбек етіп келе жатқан ұлағатты ұстаз 2020 жылы қала мектептерінің педагогтеріне “Қашықтан оқыту ортасы” жоба аясында цифрлық білім беру ресурстарын жаңғырту , білім беру процесінде пайдалану тиімділігін арттыру, сапалы интерактивті видеоконтент сабақтарының ашық видеотекасын құрып, пән мұғалімдеріне қолдау көрсеткені үшін Құрмет грамотасымен, 2020 жылы «Педстарт» республикалық қашықтық олимпиадасының, 2022 жылы орыс тілі пәні бойынша халықаралық қашықтық олимпиадасының жеңімпазы атанса, 2022 жылы «Білім беру жүйесін дамыту ісіне үлес қосқаны үшін» Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

Шолпан Қуандыққызы әріптестерінің мүддесін қорғап, әлеуметтік маңызы зор қалалық жобаларға да белсене атсалысады. Бойына адалдық, әділдік, қамқорлық, еңбекқорлық сынды жақсы қасиеттерді жинай білген ұстаз оқушылар мен ұжымдастарына сыйлы, ата-аналар арасында үлкен құрметке ие.

Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығының атынан Шолпан Қуандыққызына жұмысына табыс, мықты денсаулық, отбасына амандық тілейміз. Шәкірт тәрбиелеу жолындағы елеулі еңбегіңіз жемісін берсін!