Құрметті әріптестер!
Сіздерді Ұлттық валюта – теңге күнімен және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлттық валютамыз 1993 жылы 15 қарашада айналымға енгізілді. Бұл тарихи оқиға Қазақстанның тәуелсіз экономикалық кеңістіктің негізін қалады және қаржы нарығының қалыптасуының өзіндік басты себебі болды.
Бұл Қазақстан Республикасының дамудың дара да даңғыл жолына түскендігінің айғағы, тәуелсіздіктің белгісі ретінде де ерекше. Еліміз тәуелсіздік алған отыз жылдың ішінде төл теңгеміз нарықтық қарым-қатынасты дамыту мен тиімді банк жүйесінің қалыптасуына тың серпін берді.
Сіздер қажырлы еңбектерiңiзбен елiмiздiң экономикасының дамуымен қатар, қоғамның әлеуметтiк тұрақтылығының нығаюына да зор үлес қосып келесiздер.
Сіздерді ҚР Кәсіподақтары федерациясы атынан бүгінгі төл мерекелеріңізбен құттықтап, зор денсаулық, бақ-береке, бақыт, болашаққа сенім, алдарыңызда тұрған мәселелерді шешуге сарқылмас қуат тілеймін!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы Сатыбалды Дәулеталин