Құрметті ауыл шаруашылық еңбеккерлері мен қадірлі еңбек ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – өмірін Жер-Анамен байланыстырған барша жанға шынайы алғыстың белгісі.
Біздің елімізде жыл сайын аграрлық сектор табысты дамуда. Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарынан ауыл шаруашылығы мүлде жаңа бағытқа көшті, техникалық жаңғыру үрдісі жүріп жатыр, жаңа технологиялар қолданылуда.
Еліміздегі әрбір адам, мейлі ол қала тұрғыны болсын, мейлі шағын ауыл болсын, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегінің жемісін көруде. Сіздердің игі істеріңіз, мол тәжірибелеріңіз бен білімдеріңіз ауыл шаруашылығының алға жылжуына, халқымыздың әл-ауқатының артуына септігін тигізуде.
ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан Сіздерге ел игілігі жолындағы ерен еңбектеріңізге толағай табыс, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық тілеймін!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы Сатыбалды Дәулеталин