Ұлағатты ұстаз Сайлаубай Басманов

Сайлаубай Басманов 1950 жылы 12 наурызда  Ақмола облысы Атбасар қаласында туды. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Физика-математика факультетін тәмамдап, Арқалық педагогикалық институтын бітірген. 1969-1975 жылдар аралығында Атбасар қаласындағы қазақ орта мектеп-интернатында жұмыс жасады.

1975-1990 жылдар аралығында Атбасар медицина училищесінде директордың орынбасары болып еңбек етті. Сайлаубай Басманов  1990-2012 жылдар аралығында Атбасар қаласындағы №7 жалпы орта білім  беретін  мектебінің директоры қызметін атқарып, 2013 жылдан бастап зейнеткерлікке шықты.

Өзін сауатты, еңбекқор, жауапкершілігі мол, тыңғылықты басшы ретінде көрсетті. Жоғары еңбек қабілеттілігімен ерекшелене отырып, білім сапасының артуына өз үлесін қоса білді. Алдында тұрған міндеттерді шешуде, ұжымды шебер басқара білуде табандылық пен қажырлылық байқатты.

Сайлаубай Доскенұлы  көп жылдық ұстаздық қызметі мен мектеп басшысы  ретінде қол жеткізген нақты нәтижелері үшін  мақтау қағаздарының иесі атанды. Қазақстан Республикасының «Білім беру үздігі» төсбелгісімен марапатталды. «Сердце отданные детям», «Атбасар және атбасарлықтар», «Атбасарға-175 жыл» кітаптарына аты енгізілді. 2001-2008жылдар аралығында, 2012 жылы Оқу-ағарту министрлігінің, облыс, аудан әкімдерінің грамоталарымен және мерейтой төсбелгісімен марапатталды.

Зейнеткерлік демалысында да аудандық қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын  Сайлаубай Басманов «Халықаралық қазақ тілі қоғамының» төрағасы, «Ономастика қоғамының», «Ақсақалдар кеңесінің» мүшесі қызметін атқаруда. Талай жыл білім сапасының артуына өз үлесін қосып, талмай-қажымай еңбек етіп келген Сайлаубай Доскенұлының  өз тұғырынан түспей, қаламыздың көркеюіне, қазақ тілінің дамуына әлі де өз үлесін қосатынына сеніміміз мол.