Құрметті әріптестер, қымбатты достар!
ҚР Кәсіподақтар федерациясы және өз атымнан Сіздерді Ұлы дала елінің ұлық мерекесі, елдігіміздің тұмары – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Өткеніміздің бұлыңғыр күндерінің , жалынды жастардың азаттыққа жету жолындағы ерліктерінің жемісі – бүгінгі Ұлы күн. Бұл күнде мемлекетіміздің тарихындағы маңызды оқиғаларға тоқталып, біріктіруші жалпыұлттық құндылықтарды нығайта отырып, біз Тәуелсіздігіміздің туын жоғары көтереміз.
Азаттықты аялау,оны бағалай білу мен тәуелсіздіктің тұғырын биіктету бүгінгі және өскелең ұрпақтың басты міндеті.
Атаулы мереке мемлекетіміздің еркіндігі мен күш-қуатының символы болып саналады. Тәуелсіздік алғаннан бері талабы таудай жас мемлекетіміз ұлы тарихын жаңа жетістіктермен және табысты қайта құрулармен жалғастырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді.
Сіздер Еңбек адамы ретінде қай салада болсын ел игілігіне қызмет етіп келесіздер. Қоғамдағы барлық игілік адамның қажыр-қайратымен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы атынан әр шаңыраққа шаттық пен бақыт, дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін. Ұлы даламызда көк байрағы желбіреген, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасы
Сатыбалды Дәулеталин