Поздравление Председателя Федерации профсоюзов Республики Казахстан с Днем энергетика

Құрметті энергетика саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Энергетиктер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осы мереке күні сізге және Сіздің жақындарыңызға апатсыз жұмыс, шексіз өмірлік қуат, мықты денсаулық, мерекелік көңіл-күй тілеймін!
Энергетика – әлеуметтік-экономикалық прогресс пен еңбек өнімділігін арттырудың қозғаушы күші бола отырып, экономикалық өсу, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, қауіпсіздік және білім беру тұрғысынан адамдар мен елге әсер ететін іргелі сала болып табылады.
Осы күні ауырдың астымен, жеңілдің үстімен емес, ғұмырын күрделі энергетика саласымен байланыстырған Еңбек адамына құрмет пен олардың жолын жалғап келе жатқан буынға дәстүр сабақтастығын жалғастыратын мереке. Еліміздің әрбір бағындырған биік белестер мен асқар асуларында қарапайым Еңбек адамының, Сіздердің адал қызметтеріңізбен айшықталған қолтаңбалар бар.
Осындай жауапты мамандықты меңгеріп, ел игілігі жолында талмай еңбек етіп жатқан Сіздерге бүгінгідей мерейлі сәтте дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ортаймас бақ пен ырыс тілеймін!
Қажырлы еңбектеріңіз әрқашан табысты болсын!
Құрметпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасы
Сатыбалды Дәулеталин