Құрметті әріптестер, қымбатты достар!
Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген бұл мереке мәнінің астары өте терең. Атаулы мереке еліміздің барлық ұлттарының бірлігі мен бір-біріне деген сүйіспешіліктің, ыстық ықыластың белгісі.
Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе өмір сүріп, ортақ бір атау – қазақстандықтар атану, еліміздің тәуелсіз болу жолында аянбай тер төккен азаматтардың бір-біріне құрмет пен сый көрсетуі.
«Алғыспен ер көгерер» демекші, осындай атаулы күні өз ризашылығымды білдіремін. Бүгінде берекелі бірлігіміз бен тыныштығымыздың жолында Сіздердің адал еңбектеріңізді атап өткім келеді.
Сіз бен біздің жұдырықтай жұмылып атқарар жемісті іс-шараларымыз көп болсын. Сіздерге және отбасыларыңызға бақ-береке, толағай табыс, елімізге татулық пен тыныштық тілеймін!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
Төрағасы Сатыбалды Дәулеталин