Аяулы арулар, ардақты аналар! Құрметті әріптестер!
Сіздерді жер жүзін шуағына бөлеп, өмірімізге нәр берген көктем мезгілінің айтулы мерекесі-8 наурыз-Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Шұғылалы көктемнің қуанышты мерекесінде аяулы нәзік жандылар еліміздің егемендігі мен елдігі барда дәрежесі әрдайым биік бола бермек.
Адамзаттың табынары мен киелері, қуанғанда қасыңнан табылып, қиналғанда сүйенері, адамшылықтың мөп-мөлдір тамшылары, сүйкімді қылығымен сағындырған, әсем көркімен, жүрегінің өртімен небір дана мен данышпандарды табындырған аяулы да асыл ханымдар, Сіздерге алғысымыз шексіз.
Бүгінгі таңда 2 милионға жуық адамды біріктіріп отырған Кәсіподақтар федерациясында түрлі салаларда қыз-келіншектер, аяулы аналар еңбек етеді. Аяулы да ардақты әріптестеріміздің еліміздегі кәсіподақтар қозғалысының өркендеуіне қосып жүрген зор үлестерін айрықша атап өткім келеді.
Отбасыларыңызға амандық пен шаттық, денсаулық пен бақыт тілеймін! Әрқашан да көңілдеріңіз пәк, ниеттеріңіз ақ, мерейлеріңіз үстем болсын!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясы
төрағасы С.Т. Дәулеталин