Құрметті әріптестер, қымбатты достар!
Баршаңызды мерейлі мейрам – Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қыстың аязды күндері өтіп, көктем келіп, жаңарудың белгісі іспеттес бүгінгі күн Наурыз мерекесінің бастауы, жаңа жылдың басы.
Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткен. Бүгінде бұл күн әлі де өзінің құндылығын жоғалтқан жоқ. Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі.
Қазақ ежелден-ақ салт-дәстүрін қатаң сақтаған ырымшыл жұрт. Қазақтың тектілігі – оның қарапайымдылығы мен кішіпейілділігінде. Бүгінгі мереке осы тұжырымды тағы бір дәлелдегендей.
Елдігіміз ажырамасын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай. Осындай атаулы күнде баршаңызға зор денсаулық, бақыт және амандық тілеймін!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы С.Дәулеталин