Ірі әлеуметтік әріптес Ақтөбе облысын дамытуға қомақты қаржы бағыттайды.

Eurasian Resources Group пен Ақтөбе облысының әкімдігі әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырудағы өзара түсіністік пен серіктестік туралы дәстүрлі меморандумға қол қойды. ERG бұл мақсаттарға биыл 4,7 млрд теңге бөледі.
Құжатқа Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров пен Eurasian Resources Group-тің Қазақстандағы Бас директоры Серік Шахажанов қол қойды. Қаражат аймақты әлеуметтік-экономикалық дамыту мен инфрақұрылымды жақсартуға бағытталмақ.
Осы орайда, Меморандумға енген жобалар сауалнама нәтижесінде іріктеліп алынғанын айта кеткен жөн. Сарапшылардың мұқият талдауынан соң, әлеуметтік бағытта іске асуы тиіс ең маңызды жобалар айқандалған.
” ERG қызметін бастағалы бергі 30 жыл бойы Топ кәсіпорындары орналасқан өңірлердегі тұрғындардың өмір сапасын арттыруға ұмтылып келеді. Біздің негізгі миссиямыз – қызметкерлеріміз бен олардың отбасы мүшелерін, «туған қалаларымыздың» тұрғындарын бақытты ету. Ол үшін біз үйлер, мектеп, спорт және мәдениет орталықтарын салып келеміз. Биыл да өңір басшыларымен бірлесіп, тұрғындардың бастамаларын қолдап, білім беру мен спортты дамытамыз”,- деді ERG бақылаушы кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов.

Білім беру бастамалары
Қалыптасқан дәстүр бойынша меморандумдарда орта және арнаулы орта білім беру саласына жіті көңіл бөлінеді. ERG Хромтау жоғары тау-кен техникалық колледжінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға қаражат бағыттайды. Өңірлердегі колледждердің білім беру сапасынжоғарылатуға кәсіби біліктілікті арттыру бағдарламалары, «ERG колледждерге» бағдарламасы аясындағы халықаралық тағлымдамалар да септігін тигізбек. Одан бөлек, ERG Хромтау қаласында балабақша салу ісіне жәрдем береді.

Денсаулық сақтау
Меморандум аясында биыл бірқатар денсаулық сақтау нысандарына медициналық аппараттар сатып алу жоспарланған. Атап айтқанда: Жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына денесін күйік шалған науқастарға арналған төсек және Батыс Қазақстан медицина университетіне ультра дыбыстық зерттеу жабдығы сатып алынады.

Мәдениет пен абаттандыру
Компания қолдауымен Хромтауда 400 орынға шақталған мәдениет орталығы салынып жатыр. Ақтөбе қаласындағы Алтын орда ауданындағы шағын бақ абаттандырылып, қалада саябақ құрылысы жоспарланған. Одан бөлек, Хромтаудағы «Горняк» мәдениет үйіне көмек көрсетіледі. Қалыптасқан дәстүр бойынша облыстағы руханят ордаларына (Хромтау ауданының «Нұр» мешіті, Хромтаудағы Серафим Саровский православ шіркеуі мен Хромтаудағы қасиетті Отбасы рим-католик шіркеуі) да жәрдем беріледі.