«Қалың қалай бастауыш ұйым?» акциясы аясында кездесу өтті

Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Шардара ауданының орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» МКК-ның бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесіп, олардың жағдайымен танысты.


Аталмыш шарада сөз алған Сапарғали Шолданбаев қатысушыларға мұндай кездесулер еңбек ұжымдарындағы көтерілген мәселелерді ашық жеткізе отырып, оларды шешу үшін оңтайлы шаралар қабылдауға, еңбеккерлердің әлеуметік-экономикалық, құқықтық мүдделерін қорғауда, еңбек қатынастарын реттеу және тағы басқа өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік беретінін алға тартты.

Сондай-ақ, жұмысшылардың түйткілді мәселелерін ашық талқылауға және шешудің бірлескен жолдарын көрсетуге мүмкіндік беретін «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясының ерекше маңыздылығын атап, қатысушыларға «Лайықты еңбек жылы» аясында кәсіподақ жұмысын күшейту қажеттілігі мен еңбек қауіпсіздігін сақтау мәселесі әрдайым кәсіподақтардың назардан түспейтінін айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.


Кездесу соңы марапаттау рәсімімен жалғасып, онда ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар белсенді еңбеккерлер марапатталды.
Айта кететін жайт бүгінде «Шардара ауданының орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» МКК-да 75 еңбеккерлер жұмыс атқарады. Олардың барлығы – 100% кәсіподақ мүшелері. Бас директоры Дулат Сартбаев. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Майра Калубаева.