“Қалың қалай, бастауыш ұйым?”: Шығыс Қазақстанның орман саласының өкілдерімен онлайн кездесу

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешевтің “Зырян орман шаруашылығы” КММ, “Верх-Уба орман шаруашылығы” КММ, “Орман және аңшылық шаруашылығының жедел қимыл отряды” КММ қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен онлайн кездесуі өтті.

ШҚО кәсіподақ орталығының төрағасы Темірбек Қасымжанов облыс аумағындағы өткізіліп жатқан кәсіподақ қызметі жайлы хабардар етті. Өз баяндамасында ол облыс аумағында орман ресурстарының едәуір мөлшері орналасқанын, Қазақстанның қылқан жапырақты ормандарының 70% – ы және негізгі орман құраушы түрлердің барлық ағаш қорларының 40% – ы шоғырланғанын атап өтті. Облыстың орман қорының ауданы 2,9 млн. га құрайды, оның 1,6 млн. га орманмен жабылған.

Атқарылған жұмыстар туралы орман шаруашылықтарының басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары баяндама жасады.
Кездесуде көтерілген басты аспектілердің бірі әкімшілік қызметшілер мен техникалық персоналдың жалақысын ұлғайту мәселелері болды. Сондай-ақ, әкімшілік қызметшілер мен техникалық персоналға ауылдық 25% -дық еңбекақы төлеу, біліктілік талаптарын қайта қарау, мемлекеттік орман иеленушілердің жолдамасы бойынша мемлекеттік гранттар есебінен орман мамандықтарын оқыту, таулы жерлерде орман өрттерін сөндіру үшін мамандандырылған техникамен қосымша қамтамасыз ету және т.б. мәселелер талқыланды.


Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Қайрат Өстеміров негізгі мәселелер бойынша түсініктеме берді. Сондай-ақ, кәсіподақ ұйымының басты міндеті-өз мүшелерінің еңбек, кәсіптік және басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау. Ол кәсіподақ ұйымының жұмысы, берілетін жеңілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Онлайн отырысты қорытындылаған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев қатысушыларға атқарылған жұмыстар үшін алғыс айтып, көтерілген мәселелер Кәсіподақтар федерациясы үшін әрқашан өзекті болып табылатынын, алдағы уақытта бұл мәселелер әлеуметтік әріптестер алдына қойылып, ары қарай дамыту шаралары іске қосылатынын мәлімдеді.


“Бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен кездесулер бізге қарапайым кәсіподақ мүшелерімен тікелей байланыста болуға мүмкіндік береді. Осы акцияның арқасында кәсіподақ пен әлеуметтік серіктестер еңбек қатынастарын реттеу деңгейін арттыруға және өз жұмысында озық тәжірибелерді табысты қолдануға мүмкіндік алады”, – деді ол.