Қарағанды облысында келісім комиссияларының мүшелеріне арналған семинар-тренинг өтті

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Қарағанды облыстық кәсіподақ орталығында “Келісу комиссиясы: жұмыс беруші мен қызметкердің көзқарасы” тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Семинарға теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының, Қарағанды энергетикалық компаниялар тобы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының және “Қызмет” салалық кәсіподағының облыстық филиалының 40 – тан астам өкілі, әлеуметтік әріптестер-келісім комиссияларының мүшелері қатысты.


Оқыту семинар-тренингінің спикерлері ретінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық Кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы заң клиникасының Қарағанды филиалының басшысы, ҚР кәсіподақтар Федерациясының еңбек заңнамасы бойынша жұмыс тобының мүшесі, “Zolotaya seredina-SM”ҚБ Президенті, сертификатталған медиатор – жаттықтырушы, конфликтолог-психолог, персоналды оқыту және кәсіби дамыту бойынша жаттықтырушы, дағдарыс психологы, тәжірибелі заңгер-консультант, “Эксперт Право-2018” заңгер-консультанттар палатасының мүшесі – Света Мұхамедияқызы Шардарбекова және “YNTYMAQ” Қазақстандық кәсіпкерлік қызметкерлерінің Қарағанды облысының кооперация және кәсіпкерлік қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрайымы, тәжірибелі заңгер Вера Александровна Бородина атсалысты.


Іс-шараға қатысушылар қызметкерлердің құқықтарын қорғай отырып, еңбек дауларын шешудің негіздері қолданыстағы заңнамаға  сәйкес, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғаудың негізгі құралдарының бірі ретінде қарастырылатынына назар аударды.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес, жеке еңбек даулары келісу комиссияларында шешілуі тиіс.
Спикерлер келісу комиссияларын құру және онымен қызметінің өзекті мәселелерін жоғары және кәсіби деңгейде жан-жақты түсіндіріп, келісу комиссиялары құрамындағы әлеуметтік әріптестердің жұмысы бойынша тәжірибелік мысалдарға негізделген нақты кейстерді талдады, еңбек даулары кезінде келіссөздер жүргізу ерекшеліктерін, медиацияны қолдану негіздерін және медиативтік рәсімдерді қолдана отырып, еңбек жанжалдарын шешу жолдарын қарастырды.


Өңірлік семинар-тренингке қатысушылар еңбек заңнамасы бойынша барлық қызықтыратын сұрақтарға жан-жақты жауаптар алды. Іс-шараның салалық бағыты, мазмұнды және қызықты пікір алмасуға берілген мүмкіндік үшін алғыстарын білдірді, алдағы уақытта осындай оқыту семинарларын өткізудің қажеттілігі мен өзектілігін атап өтті.
Сондай – ақ, семинар барысында әлеуметтік әріптестер ретінде Қарағанды облысы экономика басқармасының өкілдері: басқарма басшысының орынбасары Айжан Дурсун, экономика басқармасының стратегиялық жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлмира Сұлтабаева қатысушыларды ақпараттық жұмыс жүргізудің кешенді өңірлік жоспары шеңберінде мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттары туралы хабардар етті.