Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Абай облысының аумақтық кәсіподағының төрағасы Зәуреш Исабаева Абай облысына жұмыс сапарымен келген «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарбек Серікұлы Дүйсеновпен кездесті.

Кездесу барысында Сапарбек Серікұлы «SENIM» кәсіподақ ұйымының бүгінгі қызметі, алдағы жоспарлары мен мақсаттарына тоқталды. Сонымен қатар «SENIM» кәсіподақ ұйымының облыстық филиалының өңірдегі денсаулық сақтау қызметкерлерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы белсенді жұмысын атап өтті.


Зәуреш Исабаева өз кезегінде жаңадан құрылған облыстық кәсіподақтар орталығының жұмысына тоқталып, Абай облысының салалық филиалдармен қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқаны туралы, кәсіподақ қозғалысын өңірде насихаттау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Кездесу соңында кәсіподақ жетекшілері бір бірімен ынтымақтастықта болатынына сенім білдіріп, келешек жұмыстарына сәттілік тіледі.