Жоспар – анық, қадам-нық

БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету бойынша қала әкімдігі жанынан комиссия құрылды. Комиссия төрағасы-Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары, Орал қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Атауов Бауыржан Аяпбергенұлы.

Комиссия құрамына Қоғамдық кеңестердің өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, саяси партиялардың көшбасшылары, үкіметтік емес ұйымдардың, этномәдени орталықтардың, уәкілетті мемлекеттік органдардың және т.б. өкілдері енгізілді. 10 сәуір күні комиссияның бірінші отырысы өтті.

Көмек көрсету штабы тарапынан облыс бойынша құрылған 27 эвакопункттердің қажеттелігі есептеледі.

Өңірді су басу қаупі әлі сақталуда. Барлық сақтық шаралары жүзеге асырылуда. Соған байланысты су жолдарын бөгеттеу жұмыстары кезеңмен қарқынды жүргізіліп жатыр.