Дәрігерлер зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуде

Сырым аудандық аурухана дәрігерлері эвакуцияланған тұрғындардың денсаулығын қадағалап, көмек беруде.

Аудан бойынша 1327 адам эвакуацияланған. Эвакуациялық пункттерге орналастырылған тұрғындарға медициналық, амбулаторлық, психологиялық көмек көрсетілуде.

Бесіктегі баладан бастап,егде жастағы қариялар түгел дәрігерлер бақылауында. Қажетті ем-дом шаралары уақытылы жасалынып, тәулік бойына дәргерлер қадағалауында.

Ел басына күн туған қиын-қыстау заманда әрбір көмек маңызды. Сол үшін күндіз-түні өңір амандығы үшін еңбек етіп жатқан азаматтарға алғыс білдіреміз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!