Кәсіподақ мүшелері су бөгеттерін жасауға атсалысуда

«Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының кәсіподақ мүшелері облыстың ауылдары, аудандары, қалалары мен ауыл тұрғындарына көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша жұмыстарға қатысуда.


Күні бүгіні өзен жағасындағы бөгеттерді биіктетумен қатар, жағалауды құм толтырылған қапшықтармен бекіту жалғасуда.


Батыс Қазақстан облысының ағын су салдарынан ең көп үйлер суға кеткен Қаратөбе, Сырым, Бөрлі, Теректі аудандарында 675 кәсіподақ мүшелері су тасқынының алдын алу шараларына қатысуда.


Облыс әкімдігі, Орал қалалық әкімдігі, облыс орталығындағы басқармалар, аудан әкімдіктері, ауыл округтары бастауыш кәсіподақ ұйымдарының 522 кәсіподақ мүшелері облыстағы су кеткен аймақтағы тұрғындарына көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыруда.Сонымен бірге эвакуациялау жөніндегі жедел штабтарда жұмыс істеуде.


«Қызмет» облыстық кәсіподақ ұйымының БҚО әкімдігі қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» бастауыш кәсіподақ ұйымының 38 кәсіподақ мүшелері күн түн демей облысымызға келген гуманитарлық көмекті жүк машиналарынан түсіріп, қабылдап, жүк машиналарына кері тиеп, судан жапа шеккен аймақтарға жеткізуге тынбай еңбек етуде.