Құқықтық сауаттылық – лайықты еңбек кепілі

Шымкент қаласы Орта Азиялық Инновация Университетінде Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Шымкент қалалық ұйымының бастамасымен білім және ғылым қызметкерлеріне “Еңбек даулары, олардың туындау себептері. Келісу комиссиясында еңбек дауларын шешу тәртібі” тақырыбында 3-күндік семинар өтті.


Семинарға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Шымкент қаласының салалық білім және ғылым қызметкерлерінің 100-ден астам мамандары қатысты.


Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының құқықтық жұмыс, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы, лектор Қыдырбаева Райхан Мамашиқызы еңбек дауларының, олар не үшін туындайтын, себептерін және келісу комиссиясында еңбек даулары шешу тәртібін түсіндіріп, баяндады.
Семинар барысында Райхан Мамашиқызы қатысушылардын сұрақтарына жауап беріп, пікірталас орнатылды.


Жиын сонында білім және ғылым қызметкерлеріне оқытудын толық курс өткендігі туралы туралы сертификаттар табысталды.