Еңбек адамы құқығын қорғау жолында

Лайықты еңбек жылында Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы Заң клиникасының Қарағанды филиалының қызметіне деген қызығушылық күн санап артуда.


Заң клиникасының негізгі мақсаты- мүшелік ұйымдар мен кәсіподақтарының мүшелеріне еңбек, әлеуметтік және кәсіподақ заңнамасы мәселелері бойынша, сондай-ақ азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын бұзу саласындағы әкімшілік және қылмыстық заңнама бойынша тегін заңгерлік кеңес беру қызметтерін ұсыну.

Сонымен қатар, Заң клиникасы филиалының тәжірибелі заңгерлері өткізген «Келісу комиссиялары мен Қазақстан Республикасының еңбек Кодексінің талаптарын қолдану» тақырыбындағы арнайы семинар-тренингтер тыңдаушылар тарапынан сұранысқа ие.


Заң клиникасымен тығыз жұмыс жасайтын тәжірибелі заңгерлер мен конфликтолог-медиатор мамандардың өткізген шеберлік сабақтары мен татуласу рәсімдерін өткізудегі тәжірибесі көпшіліктің назарында.


Күні кеше арнайы шақырумен Жезқазған қаласына барған заң клиникасының филиалының медиатор мамандары екі тараптың арасында көптен шешілмей жүрген даудың нүктесін қойды.
Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы заң клиникасының Қарағанды филиалының мамандары түйінді мәселелерді шешуге қол созуға қашанда дайын!