Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек

Батыс Қазақстандағы төтенше жағдай бүкіл ел тұрғындарын бей-жай қалдырмады. Қазақстанның түкпір-түкпірінен, су тасқынынан зардап шеккен аудандарға көмек көрсетілуде. Азық – түлік пен гигиеналық заттар, құрылыс материалдары т.б. қажетті заттар.


Мұндай жағдайда Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалының құрамындағы «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС ұжымы да шетте қалмады.

Су тасқынынан зардап шеккендердің қорына қаржылай көмек пен құтқарушыларға арнайы аяқ киім жөнелтілді. Сондай-ақ, 12 сәуірде Батыс Қазақстанға қажетті техниканың екі дана бірлігі жөнелтілді. Жүк көлігі төтенше жағдай аяқталғанға дейін су басу аймағында болады. Біз біргеміз!