Адал еңбек – абыройлы міндет

«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов “Шым қала” тарихи-мәдени кешені коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ мүшелерімен кездесті.


Кездесу сәті сәрсенбінің сәтті күніне – мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Күнсұлу Балқыбекқызы Сыпатаеваның 60 жасқа толған мерейлі күніне тұспа-тұс келді.
Мерейлі сәтке байланысты салалық кәсіподақ филиалы тарапынан мекеменің кәсіподақ төрайымы Күнсұлу Балқыбекқызына «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгісі және ұжым атынан арнайы сыйлықтар табысталды.


Бүгінде Күнсұлу Сыпатаеваның кәсіподақ мүшелігіндегі өтілі 43 жылдан асып, құрметті кәсіподақ ардагері қатарына қосылып отыр.Мекемедегі ұжым мүшелері толығымен 100 пайыз кәсіподақ мүшелігіне кірген.

Мекеменің жұмыс берушісі – директоры мен жұмыскерлер атынан – бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы арасында өзара қарым – қатынастар жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған келісімшартқа және 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік – еңбек қатынастары бойынша ұжымдық шартқа қол қойылып, Шымкент қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан тіркеуден өткен.


Кәсіподақ төрайымы Күнсұлу Балқыбекқызының белсенді жұмыс жасауының нәтижесінде, мекемені үздік бастауыш кәсіподақ ұйымының деңгейіне көтерді.