Кәсіподақ мүшесі еріктілер басын біріктіріп, елге көмек берді

Ақмарал Елдесова- 100-ге тарта үй суға кеткен Қобда ауданының тумасы. Ол алғашқы күннен ақ, өз туған жеріне қолдау көрсету мақсатында ватсап әлеуметтік желісі арқылы көмек тобын құрып, 500-ден астам ерікті азаматтардың басын біріктіріп, Қобда мен Ойыл аудандарына 18 газель жүк көлігімен гуманитарлық көмек жіберуге септігін тигізді.

Ол құрған әлеуметтік желідегі топқа тұрғындар өз еріктерімен қаражат аударып, тасқын судан зардап шеккен азаматтарға азық-түлік,киім-кешек және де өзге керекті заттарды жеткізуге көмектесті.


Ақмарал Егизекова – Қобда ауданы Ақырап ауылында дүниеге келген. Қобда қазақ орта мектебін бітірген. Еңбек жолын Қобда аудандық қаржы бөлімінде бастап, қазірде Ақтөбедегі Ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар мен жасөспірімдер мектебінде бас есепші лауазымында қызмет жасайды. Үш баланың анасы, жүрегі мейірімді, ел десе елеңдеп тұратын, ұйымдастырушылық қабілеті бар Ақмаралдың осы игі бастамасы қиын кезде аз да болса көпке септігін тигізді. Біз бастауыш кәсіподақ ұйым мүшесін іскерлігі мен жауапкершілігі үшін мақтан етеміз.


Міне, осындай өнегелі істерімен кәсіподақ мүшесі Ақмарал Егизекова жастарға патротизмнің жарқын көрінісін көрсете білді. Ол туған жерге қалтқысыз еңбек ету мен қиын кезде жанашырлық танытуды нақты ісімен көрсетіп, 5 күнде 500 адамның басын біріктіріп, елге қол ұшын бере білді.