Ақтөбеде еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Кездесуге Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы А. Әмірғалиев, “Қызмет” салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы, Кәсіподақтар орталығының еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссия төрайымы М.Сағындықова комиссия мүшелерінің жұмысын жандандыруға арналған кездесуге қатысты. Комиссия құрамы жаңа мүшелерімен толықтырылды.

Астанада Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Халықаралық еңбек ұйымымен бірге ұйымдастырған «Еңбек саласындағы әйелдер: жаңа шешімдер уақыты» Еңбекші әйелдердің 1-ші форумы өтті. Отырыста форумда қабылданған шешімдер туралы талқыланды.

Кездесуге қатысқан Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы А. Әмірғалиев ҚРКФ мемлекеттің гендерлік саясатын жетілдіру, қоғамдағы әйел рөлінің маңызын арттыру, жұмыс орнында әйелдерге қолайлы жағдай жасау, олардың еңбек құқытарын қорғау мақсатында көптеген маңызды бастамалар көтеріп отырғанын жеткізді. Форум делегаттары да осы кезлесуге қатысып, ойларымен бөлісті.


Кездесуде Еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссия төрайымы М.Сағындықова алда тұрған мақсаттар мен міндеттерді айқындап, комиисяның жұмыс жоспарымен жаңа құрамын таныстырды.
Кездесу барысында форумға қатысып келген комиисия төрайымы М. Сағындықова комиссия мүшелерін ҚРКФ «Қазақстан Республикасындағы әйелдердің еңбек құқығы» социологиялық зерттеуінің бірқатар нәтижесімен таныстырды. « Еліміз бойынша 2 мыңнан астам еңбекші әйел қатысқан зерттеуде әйелдердің әлеуметтік мәселелерін қамтитын сарапатама жасалды.. Онда сауалнамаға қатысқан әйелдердің 59,7 пайызы –жалақының төмендігін, 58,2 пайызы қаржы жетіспеушілігін айтқан. Бұл форумда еңбекші әйелдердің құқығын қорғау,ұжымдық келісім шарттарда әлеуметтік кепілдік беру мәселелері кеңінен талқыланды, деп атап өтті.


Еңбекші әйелдер форумында қабылданған резолюцияның басты бағыттары да таныстырылды. Әсіресе резолюциядағы әлеуметтік жәрдемақылар мен кепілдіктер мөлшерін көбейту мақсатындағы жұмыстарға үлес қосу туралы толық айтылды.