І Еңбекші әйелдер форумының делегаттары өз әсерлерімен бөлісті

Шымкент қаласында ONTUSTIK телеарнасында «Таңғы ақпарат» сазды бағдарламасына  Қазақстанның еңбекші әйелдерінің «Еңбек саласындағы әйелдер: жаңа шешімдер уақыты» атты I-ші Форумының қатысушылары Саткеева Айгул Бекмұратқызы және Ордабекова Жұлдызай Сәрсенбайқызы  қатысты.

Ауқымды шара мемлекеттің гендерлік саясатын жетілдіру, әйелдердің қоғамдағы рөлін нығайту, олардың өзін шыңдау және отбасылық құндылықтарды сақтау, еңбекші әйелдерге жұмыс орнында лайықты жағдай жасау сынды мәселелер талқыланған. Іс-шараға қатысушыларды қошеметпен қарсы алған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында, ұлттық дәстүр мен рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтауда, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде қазақстандық әйелдердің айрықша рөлін атап өткенін айтты.

І
Форумға қатысушылар елдегі ұсынылған шаралар әйелдердің өмірін жақсарту жөніндегі жұмысты жандандыруға, гендерлік, әлеуметтік саясат бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыруға, әйелдердің институционалдық құқықтарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деген сенімде.

“Шараға қатысушылар 2025 жылды гендерлік теңдік жылы деп жариялауды ұсынды. Бұл кезең еңбек саласындағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудің бастамасы болуы тиіс”, – деп есептейді делегаттар.
Форум әлеуметтік-еңбек саласында мүмкіндіктер теңдігін және әділдікті қамтамасыз ету мақсатына жетудегі маңызды қадам болды деп ойларын бөлісті делегаттарымыз.