Салалық кәсіподақ мүшелері құқықтық сауаттылықты арттыру семинарына қатысты

2024 жылғы 22 сәуірде Кәсіподақтар үйінде Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі ұйымдастырған «Жеке еңбек дауларын шешу тәртібі» семинарында еңбек заңнамасының негіздеріне, келісім комиссияларының жеке еңбек дауларын шешу тәртібіне, медиация негіздеріне оқыту өткізілді.


Оқыту семинарына қатысушылар – «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Павлодар облыстық филиалының құрамына кіретін мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың өкілдері.
Семинарда теориялық оқыту практикалық кейстерді шешумен ұштастырылады, тыңдаушылар келісу комиссиясының дәлелді шешімдерін құрастыруды, топтарда еңбек дауын шешу кезінде медиация дағдылары мен консенсусқа қол жеткізу технологиясын үйренеді.

Семинар жұмысы үш бағытта құрылды: Теориялық оқыту, интерактивті практикалық оқыту және білімді тексеру.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Заң клиникасы филиалының басшысы Марина Иванова еңбек заңнамасы, келісім комиссиясының жұмыс тәртібі, сотқа дейін дауды шешу үшін медиацияны қолдану мәселелерін түсіндірді.


Семинардың практикалық бөлімінде қатысушылар кейстік тапсырмаларды шешіп, жеке еңбек дауларын шешудің сот практикасымен танысты.Тестілеуді Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Динара Айтжанова жүргізіп, оның нәтижелерін жариялады.

«Кәсіподақтардың құқық қорғау қызметі бірінші кезекте кәсіпорындардың келісу комиссияларының жұмысы шеңберінде құрылады. «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен кәсіподақтардың негізгі қызметі кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, жеке және ұжымдық еңбек дауларын реттеу рәсіміне белсенді қатысу, еңбек жанжалдарының алдын алу, медиация рәсімін қолдана отырып, консенсусқа қол жеткізу болып айқындалды», – деп атап өтті Динара Айтжанова.


«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Павлодар облыстық филиалының төрағасы Темірболат Қасен жыл сайынғы оқыту туралы сертификаттарды табыс етті.


Семинар қатысушылары спикерлер мен семинар ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.