Қауіпсіз еңбек жағдайлары қарастырылды

Аталған жиынға әлеуметтік әріптестік тараптары – еңбек инспекциясы, басқа да облыстық басқармалардың, кәсіподақ ұйымдары өкілдері және ірі кәсіпорын ұйымдарының басшылары мен еңбек қауіпсіздігі бойынша техникалық инспекторлар қатысты.

Өткен жылы елімізде 1236 жазатайым оқиға тіркеліп, оның салдарынан 1437 адам зардап шеккен, оның 250 адам өліммен аяқталған. Осы жазатайым оқиғаларадың 700 жағдайында, яғни 57% жұмыс берушінің кінесі 50% жоғары болғаны анықталған. Жамбыл облысында өткен жылы 52 жазатайым оқиғаларда 66 жұмысшы зардап шегіп, 9 адам қаза болған деп нақты ақпаратты ортаға салды. 2023 жылы «Қауіпсіз еңбек жылы» акциясы аясында Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің өкілдерімен Тараз қаласының және аудандардағы ірі және орта өндірістік кәсіпорындарында 33 кездесу өтті. Оның 10 кездесуінде облыстағы 10 ауданда аталған жыл аясында Кәсіподақтар орталығының бастамасымен аудандық әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссияларының отырыстары өтіп, онда еңбек қауіпсіздігіне байланысты және осы аудандарда жаңадан бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру мәселелер қаралды.


Жиында облыс әкімдігінің Еңбек инспекциясы басрмасының бөлім басшысы Әбді Бекжан еңбек қауіпсіздігін сақталуы бағытында басқарма тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сонымен қатар, аймақтағы ірі кәсіпорындардың жауапты тұлғалары, яғни «Казфосфат» ЖШС «Минералды тыңайтқыштар зауытының» еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау директоры Данияр Керімбеков кәсіпорында жазатайым оқиғадардың алдын-алу бағытында атқарып жатқан іс-шаралар бойынша баяндады, сол сияқты, «Амангелді газ зауыты» ЖШС-нің кәсіпорнының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Абдыкадыр Мамырбаев еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауда ішкі бақылауды жүзеге асырудағы өзекті мәселелер бойынша баяндама жасады.


Басқосуда облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Бағлан Қарашолақов жиынға арнайы шақырылған бірқатар ірі және орта кәсіпорын өкілдеріне бастауыш кәсіподақ ұйымын құру қажеттігін және ондағы ұтымды тұстарын атап айтты.


Дөңгелек үстел барысында қатысушылармен бірге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша бірқатар мәселелер талқыланып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Жиын соңында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға жауапты бірнеше белсенді мамандар мен техникалық инспекторлар еңбек инспекциясы басқармасы мен кәсіподақтар орталығының марапаттарымен марапатталды.


Еңбек адамының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету барлық уақытта маңызды болатынын ескерсек, осы мәселені назардан тыс қалдырмауға шақыратын осындай жиындар алдағы уақыттарда да тұрақты өткізілетін болады.
Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығының баспасөз қызметі