Оралда Дүниежізілік еңбекті қорғау күніне орай семинар өтті

Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығы мен БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқармасының ұйымдастыруымен 28 сәуір-Дүниежүзілік Еңбекті қорғау күніне орай Кәсіподақ төрағалары, мамандары мен мекемелердің еңбек қауіпсіздігі бойынша инспекторларының қатысуымен онлайн форматта семинар-кеңес өтті. Семинар кеңестің спикерлері – «Батыс Қазақстан АЭЖК» ЖШС еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор Масалимов Сеит, БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқармасының инспекторы Жұмагереев Қазбек өз тәжірибелеріндегі болған жазатайым оқиғалармен, олардың алдын алу бойынша атқарылып жатырған жұмыстармен бөлісті. Сонымен қатар, өз есебінде статистикалық мәліметтер келтіре отырып, қатысушылардың сұрақтарына толықтай жауап берді.

Кеңесте сөз бастаған БҚО Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Атауов Бауыржан Аяпбергенұлы 28 сәуір-Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» аясында өткен іс-шараларға қысқаша тоқталып, ондағы маңызды бөлімдерді атап өтті. Бауыржан Аяпбергенұлы өз сөзінде: «Өңіріміздегі бастауыш кәсіподақ ұйымдары бар еңбек ұжымдарының барлығында ұжымдық шарттар бар және аталған құжаттың сапасын жақсарту, оларға әлеуметтік бағыт беру, жұмысшы кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау сұрақтарына, сонымен қоса тараптардың ұжымдық шарт бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды қамтамасыз ету, еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылуда. Оған қарамастан , 2024 жылдың 1 тоқсаны бойынша барлығы 4жазатайым оқиға болып, онда 5 адам зақым алды.Оның ішінде:ауыр жарақат алғандар саны – 3 адам, топтық жазатайым оқиғасы – 2, кәсіподағы бар мекемелер саны – 3. Бұл көрсеткіш еңбек қауіпсіздігінің барлық кәсіпорында бірдей сақталмайтынының , жүйеде олқылықтар бар екенінің белгісі болып табылады. Соған орай, өңірлік келісім аясында жергілікті атқарушы билік өкілдерімен бірлескен жұмыс жүргізілуі тиіс»-деді.

«Батыс су арнасы» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» төрайымы Иликпаева Азилия: «Еңбеккерлер толық деңгейде сақтандырылмаған. Жазатайым оқиға орын алған жағдайда жекеменшік сақтандыру компанияларынан өтемақы алу мүмкіндігі аз, болған жағдайда, өте аз мөлшерде және белгіленген уақыттан кешіктіріліп беріледі. Сол себептен, жұмыс берушілер одағын құрыпу қажеттілігі туындап отыр»-деді.

Кеңес барысында Салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымдары төрағалары Қауіпсіз еңбек жылы аясында өз саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, түйткілді мәселелермен бөлісіп, ұсыныстарын ортаға салды.