Поздравление Председателя Федерации профсоюзов с Днем единства народа Казахстана

Құрметті әріптестер!
Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – көпұлтты еліміз үшін бейбітшіліктің, достық пен келісімнің айғағы. Қазақ жерінің сан алуан ұлт өкілдері бүгіні мен ертеңі біртұтас халықты құрап отыр.
«Бірлік болмай, тірлік болмас» демекші, татулық пен түсіністік үстемдік құрған жерде берекелі, нәтижелі істер мол болмақ. Жұдырықтай жұмыла білген бірліктің арқасында мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.
2 миллионға жуық кәсіподақ мүшелерін біріктіріп отырған Кәсіподақтар федерациясы атынан Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілеймін!
Еліміздің болашағы баянды, іргесі берік болсын!
Құрметпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы С.Дәулеталин