Әлеуметтік әріптес су тасқынынан зардап шеккен екі отбасыға қызметтік пәтер берді

Ақтөбе қаласындағы су тасқынан зардап шеккен екі көп балалы отбасыға, атап айтқанда мәдениет саласының бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелеріне қызметтік пәтер берілді.
Ақтөбе облыстық планетариінің көлік жүргізушісі А. Абдикаримов пен С. Бәйішев атындағы кітапхананың кітапханашысы Б. Қойшығалиеваға Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен қызметтік пәтерлер берілді. Жалпы бұл қызметтік пәтерлер бұрын баспанасы болмаған қызметкерлерге берілген болатын, оларға жағдайын жасап, қаражатын жинап үй алуға мүмкіндік жасалды.

Қазіргі қиын кезеңде олар үйсіз қалған кәсіподақ мүшелерінің жағдайын ескеріп, түсіністік танытып су тасқынан зардап шеккен отбасыларға пәтерлерін босатып берді. Су тасқыны салдарынан зардап шеккен отбасыларына қайрымдылық көмек көрсету одан әрі жалғасып , кәсіподақ пен әлеуметтік әріптес арасындағы өзара ынтымақтастық аясында қолдау жұмыстары бұдан былай да ретін табады.