Шымкенттен жеткен көмек

Сәуір айының басында арнасынан асып, дүйім жұртты дүрбелеңге салып, үй-күйсіз қалған 35 мың тұрғынының эвакуацияланып, Жем өзенінің тасқын суынан зардап шеккен жылыойлықтарға гуманитарлық көмектер ел аймағының түкпір-түкпірінен ағылып келіп жатыр.

Кеше шымкенттіктердің жинақталған қайырымдылық көмегі тиелген автокеруенді «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев бастап келді.

«YNTYMAQ» салалық кәсіподағының Шымкент қаласы бойынша филиалының және «Т–BUS», «Т.Т.К», «Радуга» автобус парктері бастауын кәсіподақтары көшбасшыларының белсенділігімен жинақтарған зардап шеккен тұрғындардың күнделікті үй тұрмысына қажетті төсек-көрпе, ыдыс-аяқ, жылыту құралдары, ересектер мен балаларға арналған киім-кешек, аяқ киім, мектеп оқушыларының арнайы үлгідегі киімдері мен құралдары бар.

Бүгін Атырау облысы Кәсіподақтар үйінде Атырау облысы Кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Әлібек Семғалиев салалық кәсіподақтар филиалдары жетекшілерімен бірге шымкенттік әріптесі Бауыржан Әлтеевпен кездесті.

Олар еңбеккерлер құқығы мен мүддесін қорғау, дау-дамайды шешу, кәсіподақтардың ролі мен имиджін көтеру, бастауыш ұйымдар қатарын жаңа мүшеелермен көбейту жөнінде өзара тәжірибе алмасты.