Еңбек құқығы туралы телеарналық жобаның кезекті топтамасы көрермендер назарына ұсынылады

Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен өткен жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан телеарналық жобаның кезекті топтамасы жақында көрермендер назарына ұсынылады. Өңірдегі Қоғамдық телеарнаның «Рауан» ақпараттық-танымдық бағдарламасында «Еңбек құқығыңызды білесіз бе?» айдары 2023 жылдың наурыз айынан бастап көрермендердің құқықтық сауаттылығын арттыру, еңбек қатынастарындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда.

Аптасына екі мәрте көрермендер назарына жол тартатын телеарналық кәсіподақтық жобаның бүгін кезекті бірнеше түсірілімдері жасалып, эфирге дайындалды.

Айдарға ұсынылған кезекті топтама жұмыскерлерге жалақысы сақталмайтын демалыстың берілу жағдайлары, жүкті әйел жұмыскерлердің еңбегін реттеудегі ерекшеліктерді, жұмыскерлерге еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақының төлену тәртібі, қоса атқарылатын жұмысты реттеу ерекшеліктері, жалақыдан ұстап қалуларды жүргізу тәртібі сынды тақырыптарды қамтыды.