Кезекті есептік – сайлау конференциясы өтті

«Батыс су арнасы» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының» есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Аталмыш жиынға «Құрылыс комплексі және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы Кусейн Есенгазин, «Құрылыс комплексі және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Астана қалалық филиалының төрағасы Тілеулес Мадьярова, «Батыс су арнасы» ЖШС директоры Ануар Аркенов және облыстық кәсіподақ ұйымдары жетекшілері мен «Батыс су арнасы» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының» мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде «Батыс су арнасы» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының»  2022, 2023 жылы атқарған жұмысы жөнінде есеп беру, кәсіподақ төрағасын сайлау, кәсіподақ ұйымының мүшелерін сайлау, ревизиялық комиссия өкілдерін сайлау мәселелері қарастырылды.

Кәсіподақ ұйымының төрағасы Азилия Иликпаева өз есебінде кәсіподақ ұйымының  атқарған жұмыстары жөнінде баяндады. «2022-2023 жылдары мекеме қызметкерлерінің жалақы мөлшері 15%-ға индекстелді. Барлық атаулы мерекелерде қызметкерлерге кәсіподақ ұйымының атынан сыйлықтар беріледі. Жыл сайын «Мектепке жол» акциясы бойынша азқамтылған қызметкер балалары мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз етіледі. Кәсіподақ мүшелері ұдайы сауықтыру орындарына жолдамалармен қамтамасыз етіледі. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады»-деді.

Кеңес нәтижесінде Азилия Иликпаева бірауыздан «Батыс су арнасы» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының» төрағасы болып қайта сайланды.