Марапат – шығармашылық әлеуетті дамытуға дем береді

Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподақ ұйымының жетекшілері Астана қаласы әкімдігінің Қуыршақ театрының ұжымын тамаша мереке – Қазақстан Республикасы Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтады.

Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары, кеңесші Әлібек Саттаров пен заңгер Малина Башарова еліміздегі ең үздік қуыршақ театрларының бірі – көптеген халықаралық фестивальдердің жеңімпаздары атанған қызметкерлерге көрермендер қатары артып, одан әрі өсіп, жаңа шығармашылық белестерді бағындыра беруін тіледі.

Театр әлі күнге дейін қаржыландыру және жаңа заманауи жеке ғимарат салу мәселесінің шешімін күтуде. Бұл мәселені шешуде салалық кәсіподақ қолдау көрсетуде.

Досымхан Бейсенбаев жетекшілік ететін қуыршақ театрының бастауыш кәсіподақ ұйымы 100% мүшелікпен қамтылған, әрқашан барлық кәсіподақ іс-шараларының алдыңғы қатарында. Ұжым өзінің бірлігі мен ынтымағымен танымал, сондықтан театрдың актерлері, режиссерлері, әкімшілігі мен техникалық қызметкерлері марапаттау рәсімі кезінде әріптестері үшін шын жүректен қуанғанын көру өте қуанышты болды.

Салалық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталарымен келесі актерлар марапатталды: Салаева Айжан, Рахимова Гүлім; заңгер Айнұр Малғаждарова және кәсіподақтың «Еңбек даңқы» сыйлығы актер Серікжан Есімбековке берілді.

Салалық кәсіподақ ұйымының ұсынысымен театрдың көркемдік жетекшісі Қуат Ежембеков Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

«Мәдениет саласының үздігі» сыйлығы театр менеджері Аңсат Еспановаға табысталды.

Марапаттау рәсіміне қатысушылардың барлығы кәсіподақ көшбасшыларына қамқорлығы мен ықыласы үшін алғыстарын білдіріп, марапаттар одан әрі жасампаз жұмыс пен шығармашылықты дамытуға үлкен ынталандыру болып табылатынын атап өтті